Террористер Израиль премьер-министрінің үйіне дрон арқылы шабуыл жасауға тырысты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР БАР МА
BILD басылымының жазуынша, Израильдің Кесария қаласында Ливаннан ұшырылған дрон бір ғимаратқа соққы берген. Бұл – премьер-министр Биньямин Нетаньяхудің үйі болған.
Израиль үкіметінің басшысы мен оның әйелі бұл уақытта ғимаратта болмаған. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
СИРЕНАЛАР ОЙНАДЫ
ЦАХАЛ «соңғы бір сағат ішінде Израиль аумағына Ливаннан кірген үш дрон анықталғанын мәлімдеді. Бір дрон Кесария аймағындағы ғимаратқа соғылса, тағы екі дрон қағып түсірілген.
Тель-Авивте де әуе шабуылы туралы дабыл қағылды. Дрондардың бірі Израильдің сыртқы барлау қызметі Моссад пен басқа да барлау агенттіктерінің штаб-пәтері орналасқан Глилот аймағына ұшырылған..
Армияның мәліметінше, Израильдің солтүстігіндегі бірқатар елді мекенде сиреналар ойнаған.
Еске салсақ, бұған дейін ХАМАС көшбасшысы Яхья Синвар өлтірілгені хабарланған болатын. Артынша ендігіде ұйымға Халид Машаль басшылық ететінін жазған болатынбыз.