Алматыда мейрамхана өртенді

Қалижан Бектемір

Алматыда мейрамхана шатырының 250 шаршы метр аумағында ірі өрт болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: gov.kz

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі өрт сөндірушілердің жедел әрекеті нәтижесінде өрттің таралуы тоқтатылып, ғимараттың көп бөлігі оттан қорғалғанын мәлімдеді. 

Өртті сөндіру кезінде зардап шеккендер жоқ.

Ғимараттың ағаштан салынғаны өрттің жылдам таралуына ықпал етті.

Еске салсақ, бүгін түнде Ақтауда қойма өртенді