13 жастағы қызды құтқарған: Абай облысында полицей жол апатынан қаза тапты

Қалижан Бектемір

Абай облысы Омбы-Майқапшағай жолында қайғылы жол апаты болды. 13 жасар қызды ерлікпен құтқарған полицей жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Омбы-Майқапшағай автожолында үш көлік жол апатына түсті. Салдарынан үш азамат, оның ішінде Семей қаласының полиция аға сержанты Асхат Ахатов қайтыс болды.

Еске салсақ, осы жылдың наурыз айында Семейде ер адам кішкентай қызды аңдып, оны құтқармақ болған полицейге үш рет пышақ сұққан болатын. Пышақ жарақатын алса да, 13 жасар қызды батылдықпен құтқарып қалған Асхат Ахатов болатын.