Ғылыми жаңалық – алмас шаңы жаһандық жылынуды бәсеңдетуі мүмкін

Сырым Қаржас

Ғалымдар стратосфераға шашылған алмас шаңы күн сәулесін шағылыстыру арқылы температураны төмендететінін анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

НАҚТЫ АЙТСАҚ...

Жыл сайын 5 миллион тонна алмаз шаңының стратосфераға бөлінуі планетаны 1,6 градусқа салқындатуы мүмкін. Бұл жаһандық жылынудың ең жағымсыз салдарын болдырмау үшін жеткілікті меже. Бұл туралы Science.org зерттеу нәтижелеріне сілтеме жасап хабарлаған.

ТЫҢ ТӘСІЛ

Ғалымдар стратосфераға шашылған алмас шаңы күн сәулесін шағылыстыру арқылы температураны төмендете алатынын анықтап отыр.

Бұрындары жанартаулық түтін мен бөлшектер атмосфераны басып, Жердің салқындағаны байқалатын.

Жаңа зерттеу стратосфералық аэрозольді инъекция деп аталатын геоинженерлік нысанға қатысты. Идея вулканизмнің табиғи процесіне негізделген.

Зерттеу нәтижелері Geophysical Research Letters журналында жарияланды.