Студенттің өлімі: қаза тапқан жігіттің анасы ҰҚК қызметкерінің ұлын жазалауды талап етеді

Қалижан Бектемір

Кісі қолынан қаза тапқан 19 жастағы студент Нұржан Беріктің анасы Айгүл Рахымбекова ұлын аяусыз өлтіргендердің бәрін жазалауды талап етуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Резонанстық іс бойынша үкім тамыз айында шығарылған. Айгүл Рахымбекова адам өліміне соқтырған төбелестің қалған қатысушылары жазадан құтылып кеткенін айтады. Оның сөзінше, ұлын өлтіргендердің бірінің әкесі ҰҚК-де, ал ағасы прокуратурада істейді. Қайғыға батқан ана ұлы топ болып ұрып-соғу кезінде өлгенін, ал сотталушы тек бір адам – 25 жастағы Сабур Нұритдинов бар болғаны 8 жылға сотталғанын айтады.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Айгүл Рахымбекова ұлын өлтіруге үш адам қатысқанына сенімді – олар сотталған Сабыр Нұритдинов, ҰҚК қызметкерінің ұлы Еркін Мақашев, оны төбелесті ұйымдастырушы деп атайды, сондай-ақ Әлібек Тілемісов. Соңғы екі жігіт іс бойынша куәгер, олар 19 жастағы студенттің  қазасына байланысты жауапқа тартылмаған.

Мақашевтің әкесі ҰҚК-де жұмыс істейді. Оның тағы бір туысы – Бас прокуратураның Қылмыстық істер департаментінің бастығы Сағиев Елдос. Білетін адамдар бәрін шешетін Сағиев екенін айтады, – деді ол.

БІРНЕШЕ ЖІГІТ ЖАБЫЛЫП ҰРҒАН

Қылмыстық астары бар қорқынышты трагедия өткен жылдың 30 сәуірінде болған. Ағайынды Арман мен Нұржан оқудағы жетістіктерін атап өту үшін «Тедд» рестобарына барған, ол жерде кенеттен шиеленісті қарым-қатынаста болған досымен кездесіп қалады. Ол – Еркін Мақашев.

Марқұмның анасы Айгүл Рахымбекова айтқандай, Мәкішев ағайындыларды тасалау жерге шығарып, тағы бірнеше досын – Сабыр Нұритдинов, Әлібек Тілемісов және Шәріп Нұрмағамбетовты шақырады. Жігіттер арасында төбелес болып, ағайындылар қатты жарақат алады. 19 жастағы Нұржан Берік алған соққыларынан сол жерде қаза болады. Оны бетінен, кеудесінен қатты ұрған.