Қазақстандықтар бүгін түнде аспаннан ерекше құбылысты байқай алады

Қалижан Бектемір

Қазақстандықтар 21 қазанға қараған түні "Орионид" метеорлық ағынын бақылай алады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Triff/Shutterstock/Fotodom

21 қазанға қараған түні сағатына 20-ға дейін метеор түседі деп болжанып отыр.

Орионидтер басқа метеор ағындарының арасында өздерінің жарқын отты шарларымен ерекшеленеді. Ол секундына 65 шақырым жылдамдықпен қозғалатын үлкен метеорлардан тұрады, – делінген хабарламада. 

Қазақстандықтар оларды түн ортасына жақын және таң атқанға дейін көре алады. 

Еске салсақ, бұған дейін алматылық фотограф алып кометаны видеоға түсіріп алған болатын. Сондай-ақ мамонттар көрген комета Жерге жақындап келе жатқанын жазған болатынбыз.