Жайдарман жобасында кадрлық ауыс-түйіс

Ғалиасқар Думан

Қазақстандағы танымал жастар жобасы – Жайдарманда кадрлық өзгерістер болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

Жайдарман жобасының ресми парақшасынан

Бұл туралы жобаның ресми парақшаларында хабарланды.

КІМ КЕТІП, КІМ КЕЛДІ

Жобаның атқарушы директоры Есен Елеукен республикалық телеарнаның бас продюсері қызметіне тағайындалып, оның орына Жанасыл Болатбек тағайындалды.

Жанасыл Болатбек –  осыған дейін Жайдарман жобасының бас продюсері қызметін , Atameken Business телеарнасының Digital бөлімін басқарған. Ол елге танымал жобалардың ұйымдастырушысы қызметін атқарды.

ЖАЙДАРМАН ЖОБАСЫ

25 жылдық тарихы бар Жайдарман жобасы бүгінде миллиондаған аудитория жинайтын, жастардың креатив платформаларының біріне айналған.

Жобаның Қазақстан бойынша 20-дан астам филиалы, 150 өкілдіктігі бар, оның ішінде 5 республикалық лига мен 3 500 команданы қоса алғанда 10 000-нан астам шара ұйымдастырып үлгерген.

Жайдарман жобасының хабарлауы бойынша ойындар кестесі өзгермейді және келесі JAIDARMAN TOP финалдық ойыны жооспарланғандай 23 қарашада Астана қаласының Орталық концерт залында өтеді.