ЕО Ресей мен Солтүстік Корея арасындағы Әскери ынтымақтастыққа алаңдайды

Қалижан Бектемір

ЕО Ресей мен КХДР арасындағы Әскери ынтымақтастық туралы хабарламаларға алаңдап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: 112.ua

РЕСЕЙ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТТЕРІН КҮШЕЙТУГЕ НИЕТТІ

Бұл туралы BBC жазды.

Егер Солтүстік Кореядан Ресейге сарбаздарды жіберу туралы хабарламалар расталса, бұл жаңа шиеленіс деңгейін және олардың ынтымақтастығының айтарлықтай кеңеюін білдіреді, – деді ЕО сыртқы саясат қызметінің өкілі Питер Стано.

Оның айтуынша, бұл – Ресейдің Украинаға қарсы заңсыз әрекеттерін күшейтуге ниетті екенін көрсетеді.

Бұл Ресейдің Украинаға қарсы заңсыз әрекеттерін күшейтуге ниетті екенін және бейбіт шешімдер іздеуге мүлдем мүдделі емес екенін көрсетеді, – деп қосты ЕО өкілі.

НАТО-НЫҢ БАС ХАТШЫСЫ НЕ ДЕДІ

Бұған дейін НАТО-ның Бас хатшысы Марк Рютте Х әлеуметтік желісінде "Солтүстік Корея әскерлерін Украинада Ресеймен қатар соғысуға жіберу айтарлықтай шиеленісті білдіреді" деп жазған болатын.

Кремль Украинадағы соғысқа қатысу үшін Солтүстік Корея әскерилері жіберілгенң туралы есептерді даулы деп атады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: G7 елдері Украинаға НАТО-ға мүше болу жолында көмектесуге дайын

ЗЕЛЕНСКИЙДІҢ “ЖЕҢІС ЖОСПАРЫ”

Еске салсақ, Оңтүстік Кореяның барлау қызметі Солтүстік Корея Ресейге сарбаздар жібергенін айтқан.

Зеленский Еуропалық кеңес көшбасшыларына «жеңіс жоспарын» таныстырған болатын. Сондай-ақ ол Украина ядролық қару жасамайтынын айтқан еді.

Айта кетейік, НАТО-ның хабарлауынша, Ресей күн сайын соғыста 1270 адамын жоғалтып жатыр.