Жария болғанын қаламайды: P. Diddy қорғаушылары сотқа жүгінді

Ілияс Бақыт

АҚШ рэпері және продюсері P. Diddy-дің (шын есімі Шон Комбс) адвокаттары оның болжалды құрбандарына қатысты істер бойынша көпшілік алдында мәлімдеме жасауға тыйым салуды сұрап, сотқа жүгінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

КӨПШІЛІК АЛДЫНА ШЫҚҚАНЫН ҚАЛАМАЙДЫ

Newsweek мәліметінше, жәбірленушілердің адвокаттары да іс туралы ақпаратты жариялау құқығынан айырылуы мүмкін.

"Жексенбі күні сотқа тапсырылған құжатта олар мәлімдемелер легі болашақ судьяларда теріс пікір қалыптастыруы мүмкін екенін айтқан. Олар іс бойынша ақпаратты жария етпеу туралы соттан тыйым салуды сұраған", – делінген хабарламада.

P. Diddy-ге қатысты жаңа жеті талап арыз берілген, оның ішінде оны “зорлады” деп айыптағандар бар.

Істің талапкерлері арасында ерлер мен әйелдер бар, олардың есімдері жарияланбаған. Қылмыс жасалған кезде жәбірленушілердің бірінің жасы 13-те болғаны хабарланды. Барлық оқиғалар Шон Комбстың кештерінде болған.

Сондай-ақ, талаптарда басқа да атақты адамдардың есімдері алғаш рет аталған, бірақ телеарна нақты кімдер екенін жарияламаған.

ШОН КОМБС ДЕГЕН КІМ?

1990-2000 жылдардағы хип-хоп жұлдыз Шон Комбс (П.Дидди, Пуффи, Пафф Дэдди, Пи Дидди лақап аттарымен танымал) жуырда қамауға алынған.

Комбс – 1993 жылы Bad Boy Records шығарған ең сәтті рэп магнаттарының бірі, продюсер, кәсіпкер, рекордтық менеджер. Грэммидің үш дүркін лауреаты. Ол кезінде Ашер, Мэри Дж. Блидж және Фейи Эванс секілді жұлдыздарды жарыққа шығарған.

Қазір 54 жастағы рэпер Нью-Йорктегі Metropolitan орталығында қамауда отыр.

НЕ ҮШІН ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ?

14 беттен тұратын айыптау қорытындысында Комбсқа негізінен үш айып тағылған. Рэкет, мәжбүрлі секс-сауда және жезөкшелікке тарту мақсатында құрбандарды мемлекеттік және халықаралық шекаралар арқылы тасымалдау. Сондай-ақ, музыкант әйелдерге "оларға соққы беру, сүйреу, заттарды лақтыру және тепкілеу арқылы" шабуыл жасады деп айыпталды. 

Прокурорлардың айтуынша, ол қылмыс жасау үшін "қызметкерлерге, ресурстарға" және өзінің бизнес империясының ықпалына сүйенген. Мемлекеттік айыптаушылар Комбстың барлық активтерін – рэпер басқаратын мүлікті, қорларды немесе компанияларды тәркілеуді талап етеді.