Алматы әкімдігі маңында өрт шықты

Қалижан Бектемір

Әлеуметтік желіде Алматы әкімдігінің аумағынан шыққан қою түтін бейнеленген кадрлар пайда болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: видеодан скрин

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Алматы қаласы Бостандық ауданындағы Желтоқсан, 185/1 мекен жайында трансформаторлық қосалқы станса өртеніп жатыр.

Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында өрт сөндірушілер нысанды токтан ажырату және өртті сөндіру шараларын жүргізуде, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. 

Бұған дейін Алматыда Мақатаев көшесіндегі бір қабатты “Күнжут” дәмханасы өртенгенін жазған болатынбыз.