Синоптиктер Қазақстандағы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Сейсенбі, 10 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр мен қар жауып, кей жерлерде жауын-шашын күшейіп, көктайғақ болады. Тек елдің батыс өңірлерінде жауын-шашынсыз ауа райы басым болады. Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі.
Күндіз ауа температурасы елдің батысында +3…+12 °С, солтүстік-батысында 0…+8 °С, солтүстігінде, шығысында және орталығында −3…+5 °С, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында +2…+10 °С болады.