Уиткофф пен Кушнер Путинмен кездесу үшін Ресейге жасырын баруды жоспарлап отыр – Reuters

Александр Казаков/РИА Новости

АҚШ президентінің арнайы өкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер Абу-Дабидегі келіссөздерден кейін Ресейге баруы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Reuters агенттігінің мәліметінше, олар Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуді жоспарлап отыр. Бұл Уиткофф былтыр қазанда Санкт-Петербургке барғаннан кейін АҚШ өкілдерінің Ресей басшысымен алғашқы кездесуі болмақ.

Жоспар

Агенттік аты-жөнін атамаған америкалық шенеунікке сілтеме жасап хабарлауынша, АҚШ Абу-Дабидегі үшжақты кездесуді Еуропа елдері де қатысатын кең ауқымды келіссөздер форматына көшу мүмкіндігі ретінде қарастырып отыр.

Бір күн бұрын Кушнер 2014 жылы Қырым төңірегіндегі дағдарыс пен Украинаның шығысындағы оқиғаларға байланысты жұмысын тоқтатқан Ресей – НАТО кеңесі форматындағы келіссөздерді қайта қарауды ұсынған болатын.

Контекст

Бұған дейін Ресей делегациясының 10–11 қарашада Абу-Дабиде өтетін АҚШ және Украинамен келіссөздерге аттанғаны белгілі болды.

Стив Уиткофф келіссөздер барысында соғыстан кейінгі қауіпсіздік жөніндегі уағдаластықтар, шиеленісті бәсеңдету мәселелері, гуманитарлық бастамалар және бейбітшілікке қол жеткізудің келесі қадамдары талқыланатынын мәлімдеді.

Сізге қызық болуы мүмкін