Иран тыңшысы. Израиль Әзербайжаннан барған 7 адамды ұстады

Әлихан Асқақ

Әзербайжаннан келген Израильдің 7 азаматы Иран үшін тыңшылық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөз

Бұл туралы Израильдің барлау қызметі мәлімдеген.

НЕ АНЫҚ

Ведомствоның мәліметінше, қылмыстық топ екі жылдай жұмыс істеген. Олар осы уақыт ішінде қомақты сомаға 600 тапсырма орындалған. Күдіктілер әскери базаларды, соның ішінде 1 қазандағы шабуылда нысанаға алынған орындарды фотоға түсірген.

ЕСІМДЕРІ АТАЛДЫ

Күдіктілердің барлығы – Хайфа мен елдің солтүстік бөлігінің тұрғындары, олар Израиль және Әзербайжанның қос азаматтығына ие. Олардың арасында дезертир мен кәмелетке толмаған екі жасөспірім бар. Сот кәмелетке толған бес күдіктінің есімін жариялады – Азиз Нисанов, Александр Садиков, Игаль Нисан, Вячеслав Гущин және Евгений Иоффе. Кәмелетке толмаған екі баланың аты-жөні жарияланған жоқ. Күдіктілердің барлығы мемлекеттік қауіпсіздікке қарсы қылмыс жасады деп айыпталуда.

АҚПАРАТ ЖИНАҒАН

Сонымен қатар, олар армия базаларын фотосуретке түсіріп, олар туралы ақпарат жинады деген күдікке ілінді. Соның ішінде Израиль әуе күштерінің Неватим және Рамат-Давидегі базалары және Тель-Авивтегі «Кирия» Бас штабының кешені бар. Тергеу мәліметінше, іске қатысы бар тұлғалар жиналған ақпаратты Иранға өткізген.
Егер айыпталушылардың кінәсі толық дәлелденсе, олар өмір бойына сотталуы мүмкін.