Іс қозғалды. ІІМ Талғарда айырылып қалған күдіктіге қатысты түсініктеме берді

Әлихан Асқақ

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәжіліс кулуарында Талғардағы тергеу изоляторынан қашып кеткен күдіктіге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөз

Игорь Лепеханың айтуынша, қылмыскер әлі іздестіріліп жатыр. Ол бұған жол бергендер жазаланатынын айтты.

Біз қазір мұнымен айналысып жатырмыз, іздеп жатырмыз, ұстайтын боламыз. Іздеу жұмыстары бойынша барлық шара қабылдануда. Біз қызметтік тергеу жүргізетін боламыз. Бұған қатыстының барлығы жазаланатын болады. Немқұрайлылық фактісі бойынша іс қозғалды, – деді ол.

Естеріңізде болса, Талғардағы уақытша ұстау изоляторынан зорлау күдігі бойынша ұсталған азамат К. қашып кеткен. Полиция ол қолға түссе, өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін айтқан.