Алматылық дәрігерлер нәрестеден 1 келілік ісікті сәтті алып тастады

Ғалиасқар Думан

Алматылық дәрігерлер жаңа туған нәрестеден көлемі 20 см жуық сакрококсикалық тератоманы алып тастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Фото: Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы

МӘН-ЖАЙЫ

Дәрігерлердің айтуынша, нәресте құйрық сүйегінде салмағы бір килограмм болатын ісікпен дүниеге келген. Бала туғаннан кейін бірден перзентханадан нәрестелерге жедел медициналық көмек көрсету орталығындағы Реанимациялау бөліміне ауыстырылып, операцияға дайындалған. Осылайша шақалаққа өмірінің екінші күнінде күрделі ота жасалған.

"Бала тірек-қимыл жүйесінің туа біткен ақауы үлкен қатерсіз ісік – сакральды-коксиальды аймақтың тератомасымен дүниеге келді. Ол сүйек тінінен, жұмсақ тіндерден және цистикалық қуыстан тұратын аралас ісік. Операция сәтті өтті. Көбінесе алып тастағаннан кейін операция жасалған аймақтың пластикасында қиындықтар туындайды, бірақ біз оны еңсердік. Меніңше, біз пластикті болашақта нәресте ешқандай қолайсыздық сезінбейтіндей жасай алдық. Бала үйге аман-есен шығарылды",  – деді Балалар шұғыл медициналық көмек орталығының хирургі Жалғас Куниязов.

ҚАУІПТІ ОТА

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, операция 75 минутқа созылған. Нәресте ісіктен біржола құтылған. Оның алып тастамағанда ісік алғашқы айларда қатерлі ісікке айналуы мүмкін еді.

"Сакрококсикалық тератома – жаңа туған кезеңдегі балаларда жиі кездесетін ісік. Ол құрсақта да қалыптасады және нәрестемен бірге өседі, кейде ұрықтан даму үшін маңызды дәрумендерді алады. Бұл жағдайда ісік 14-тен 20 сантиметрге дейін өсті. Тератома толығымен алынып тасталды, баланың жағдайы қанағаттанарлық және ол үйге кетті", – деді хирург.

Орталықта айына 100-ге жуық нәрестеге ота жасалады.