Түркиядағы теракт: Стамбұлда тыйым салынған партияның 35 мүшесі тұтқындалды

Қалижан Бектемір

Анкараға жасалған шабуылдан кейін Стамбұл полициясы тыйым салынған "Күрдістан жұмысшы партиясының" 35 мүшесін ұстады. Олар көшеде зорлық-зомбылық акцияларын дайындады деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: REUTERS

ТОЛЫҒЫРАҚ

TRT Haber телеарнасының мәліметінше, акцияларда тұтандырғыш қоспаларды қолдану жоспарланған. Тұтқындау шараларын Стамбул прокуратурасы "Күрдістан жұмысшы партиясының" 44 жақтаушысына қарсы тергеу аясында жүзеге асырды.

ОЛАР КІМДЕР

Бір күн бұрын Түркия ІІМ Анкарадағы шабуылға қатысқан және көздері жойылған ер мен әйел адамдардың есімдерін жариялады. Олар "Күрдістан жұмысшы партиясының" мүшелері Али Орек пен Мине Севджин Алчичек болып шықты.

БҰҒАН ДЕЙІН...

Айта кетейік, бұған дейін Түркияда теракт болып, 4 адам қаза тауып, 14 адам жараланғанын жазған болатынбыз.

Бұл оқиғадан соң Түркия күрдтердің Сирия мен Ирактағы нысандарына соққы жасаған.