Астанада техникалық қызмет көрсету орталығы өртенді

Сырым Қаржас

Астана қаласының Байқоңыр ауданында көліктерге техникалық қызмет көрсету орталығы өртенді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТЖМ

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

ТЖМ өрт сөндірушілері Байқоңыр ауданы, Әнуар Әлімжанов көшесінің бойындағы ТҚКО-лардың біріннен шыққан өртті сөндірген.

Жұма күні кешкі сағат жетілерге таяп қалғанда Төтенше жағдайлар министрлігі өрттің толық оқшауланғанын хабарлады. Зардап шеккендер жоқ.