Ақтауда Маңғыстау облыстық ауруханасында науқас өзіне қол салмақ болып, оны қызметкерлер құтқарып қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Науқас төртінші қабаттың терезесінен секірмек болған. Алайда дәрігерлер дер кезінде жақын жерде болып, ер адамды матамен орап, аман алып қалған.
Облыстық Полиция департаменті оқиға орнына полицейлердің жеткенін хабарлады. Қазір олар ер адамды палатасында күзетеді.
Науқас 52 жаста. Өзіне қол салуға талпынуына әйелімен жанжал себеп болуы мүмкін деген болжам бар.