Тоқаев Баян Алагөзоваға алғыс білдірді

Қалижан Бектемір

Белгілі продюсер Баян Алагөзова Республика күніне орай президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан алғыс хат алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: harpersbazaar.kz

НЕ ҮШІН

Бұл туралы продюсер Instagram парақшасында жазып, алғыс хаттың фотосын жариялаған.

«Сіз телевизия, кино және музыка салаларында қоғам тарапынан жоғары баға алған ірі жобаларды жүзеге асырып, отандық мәдениет пен өнерді дамытуға елеулі үлес қостыңыз», – делінген алғыс хатта.

Президент продюсерге зор денсаулық, отбасына амандық және жұмысына табыс тілеген.

«ЕГЕР МЕН ПРЕЗИДЕНТ БОЛСАМ...»

Еске сала кетейік, танымал актриса және продюсер Баян Алагөзова «Көреміз» бағдарламасында суррогат ана қызметінің бағасы туралы айтқан болатын. Сондай-ақ ол бұған дейін саясатта болса, Қазақстан үшін не істейтінін мәлімдеген еді.

Егер мен президент болсам, парламентті кем дегенде 70-те 30-ға бөлер едім. 70% әйелдер, 30% еркектер, – деді Алагөзова.