Тель-Авивте жүк көлігі адам толы аялдамаға соғылды: Израиль полициясы оны теракт деп атады

Сырым Қаржас

Тель-Авив маңындағы аялдамаға жүк көлігі қатты жылдамдықпен кірген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ  

Оқиға Тель-Авив округінде орналасқан Рамат Ха Шарон қаласында болды. 

Израиль полициясы жүк көлігінің соқтығысуы террористік шабуыл деп мәлімдеді. Террорист жүк көлігінің жылдамдығын ұлғайтып автобус аялдамасына бағыттаған, онда адам көп тұрған. Террористің көзі жойылған.

ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР  

Зардап шеккен 16 адам ауруханаға жеткізілді, олардың төртеуі ауыр жағдайда.

Билік оқиға орнына тәртіп сақшылары жіберілген деп мәлімдеді. Істің мән-жайы әлі зерттеліп жатыр.