Идеолог әрі экс-елші: Марат Тәжин Қазақстанда немен айналысып жүр?

Сырым Қаржас

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевпен ұзақ уақыт иық тірестіре қызметтес болған бұрынғы саяси тұлға Марат Тәжин күтпеген жерден ақпарат кеңістігіне қайта шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

vecher.kz / Кайрат Конуспаев

ТӘЖИН ҚАЗІР ҚАЙДА ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Бұрынғы саясаткер қазір әлеуметтану мамандығын оқып жатыр екен. Бұқаралық ақпарат құралдары 23 қазан күні Алматыда Қазақстан және түркітілдес елдері әлеуметтанушыларының VIII съезі өткенін жазып жатыр.

Бұл шара Түркітілдес елдері әлеуметтанушылар одағының президенті Марат Тәжиннің жетекшілігімен өткені белгілі болды.

ТАЛҚЫЛАНҒАН ТАҚЫРЫП

Белгілі болғандай, биылғы шараға қатысушылар тұлғаны анықтау мәселелерін талқылаған.

«Бүгінде сәйкестілік ұғымы әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдардағы танымал категориялардың біріне айналды. Сәйкестікті әлеуметтанушылар, психологтар, философтар, мәдениеттанушылар, тарихшылар, лингвистер, экономистер және тіпті маркетологтар зерттейді. Бұл ұғым бір мезгілде жеке, әлеуметтік, мәдени және саяси құбылыс саналады»,  – деп жазды Vecher.kz.

МАРАТ ТӘЖИН

Марат Тәжин – қазақстандық мемлекет қайраткері, дипломат және саясаттанушы, Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаты саласындағы негізгі кеңесшілердің бірі ретінде танымал.

Тәжин Нұрсұлтан Назарбаевтың тұсында Сыртқы істер министрі, Президенттің көмекшісі, Президент әкімшілігі басшысының орынбасары, Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы сынды әртүрлі басшылық қызметтерді атқарған.

Ол 2019 жылы Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды. 2023 жылы ол бұл қызметтен босатылған.