Жүргіншілерге ескерту! 11 өңірде ауа райы бұзылады

Әлихан Асқақ

Еліміздің 11 облысында ауа райының құбылуына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөз

29 қазан күні Ақмола, Абай, Павлодар, СҚО, Қарағанды, Қостанай, ШҚО және Жетісу облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр жауады. Ал Атырау, Ақтөбе және Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жаңбыр жаууы мүмкін.

Осыған байланысты жүргізушілер қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулерін сұраймыз, – делінген «ҚазАвтоЖолдың» хабарламасында.

“Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы” Кеден одағының техникалық регламентінің (ТР КО 018/2011) талаптарына сәйкес, жазғы маусымда (маусым, шілде, тамыз) сырғанауға қарсы тікенектері бар шиналарды пайдалануға тыйым салынса, қысқы кезеңде (желтоқсан, қаңтар, ақпан) қысқы шиналарсыз көлік құралдарын басқару заңмен шектеледі.

Бұл ретте қысқы шиналар көліктің барлық дөңгелектеріне орнатылуға тиіс.

1 желтоқсаннан кейін осы талаптарды орындамаған жағдайда, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 5-бөлігіне сәйкес, көлік иелеріне 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.