Алматы облысында шақалақтың денесі табылды

Әлихан Асқақ

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылының қараусыз қалған ғимаратынан сәбидің денесі табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөз

"Мой Алматы" телеграм-арнасының мәліметінше, қайғылы оқиға 29 қазанда болған.

Полиция нәрестені өлтірген адамды ұстады.

Баланың анасы болуы мүмкін адам ауруханаға жатқызылды, – делінген телеграм-арнасының жазбасында.

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі баланың шетінеп кеткені туралы деректі растады.