Адамдар Дубайға арнайы ұшып барып алып жатқан дубайлық шоколадтың құпиясы неде? Олар кезекке тұрып, делдалдарға артық төлеуге де дайын. Бұл шоколад әлеуметтік желілерде соншалықты танымал болып кетті, бүкіл әлемде оны жақсы көріп, ізденушілер пайда болды. Оның дәмін көреді, шолулар жасайды, тіпті қайта сатады. Әйтеуір ешкімді бей-жай қалдырмайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ДУБАЙ ШОКОЛАДЫНЫҢ СЫРЫ
Блогер Диас және Әйгерім Камеридановтар Instagram-дағы парақшасында атақты дубай шоколадының сыры неде деген сұраққа үңіліп көрді.
Дубайлық шоколад – фисташкалық паста, катайфи қамыры және тахини қосылған шоколад. Одан да оңай түсіндірсек, бұл – кәдімгі шоколад, бірақ ерекше шығыстық рецептурамен, ұлттық сипатымен ерекшеленеді.
“Бұл – мәдениетіңді әдемі қаптап, әлемге бренд ретінде танытып, танымал етудің тағы бір мысалы. Ал Қазақстанды әлемге бренд ретінде не танытып жүр? ЭКСПО? Форумдар? Байқоңыр? Иә, бізде «Қазақстан» атты атақты шоколад бар, бірақ бұл, шынын айтқанда, ол емес. Көбінесе шетелдіктерге ұнай ма, жоқ па, осы шоколадты қолдарына ұстатуға дайын тұрамыз, бұл біздің парызымыз сияқты”, – дейді блогер.
Бұл ретте танымал блогерлер ұлттық өнімдермен түрлі эксперименттер жасап көруді ұсынады.
“Ал бізде жент, ірімшік, бал-қаймақ сынды ұлттық тәттілер бар ғой. Неге рецептпен тәжірибе жасап көрмеске? Ойнап көріп, қарапайым шоколадқа қазақтың нәзік бояуын қоса аламыз. Мүмкін, бұл жеткілікті шығар – әлем оны «қазақ шоколады» деп атай бастайды. Сол кезде әлемнің түкпір-түкпірінен туристер Астанаға, Ақтауға, Арқалыққа жаңа өнімді алғашқылардың бірі болып көруге келеді, ал шетелдіктер тары, талқан алуға кезекке тұрады. Егер сіз біздің асхана, мәдениет, дәстүрлеріміз ешкімге қызық емес деп ойласаңыз, қателесесіз. Көпшілік үшін біз – жұмбақ елміз, біз туралы аз біледі, ешнәрсе күтпейді. Сондықтан осыны пайдалану керек. Әлемге қазақ феномені жайлы білу әлі алда. Тек байқап көріп, тәжірибеден өтіп, қорықпау керек”, – дейді Камеридановтар.
Оқырмандар ұлттық тағамдарды түрлендірген өнімдер қазірдің өзінде нарықта бар екенін, бірақ тиісті дәрежеде жарнамалай жатқанын жазды.