2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның мемлекеттік бюджетіне түсімдер 18,9 триллион теңгеге жетті – бұл өткен жылмен салыстырғанда 27,4% артық. Негізгі ағын, әдеттегідей, мұнай секторына тиесілі. Төмендегі материалда 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның ірі салық төлеушілері түзілген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОП-5
Finprom.kz порталының мәліметінше, топ-5 салық төлеушілердің қатарында тау-кен өнеркәсібі компаниялары бар.
Бірінші орын ТШО (Теңізшевройл) компаниясына тиесілі: өткен жылы компания бюджетке 3,7 триллион теңге аударды.
Екінші орында «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б. В.» – 978 миллиард теңге аударған
Үшінші орынға «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ы шықты – 319,6 миллиард теңге.
Одан кейін «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС және «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н. В.» филиалдары жайғасқан – 259,3 миллиард және 204,4 миллиард теңге сәйкесінше.
Атап өту керек, аталған бес компанияның төртеуі салық түсімдерін едәуір азайтқан: ТШО-да сома 17,8%-ға, «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б. В.» – 30,1%-ға, «Маңғыстаумұнайгаз» – 26,5%-ға, «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н. В.» филиалында – 14,5%-ға төмендеген. Бұл тенденция 2023 жылы мұнай секторына тән.
ТОП-15
Жетекші бестіктен бөлек Қазақстанның 2023 жылғы ең ірі салық төлеушілері арасында топ-15-ке мыналар кірді:
• «Қазақстан Халық Банкі» АҚ – 203 миллиард теңге;
• «Өзенмұнайгаз» АҚ – 198,1 миллиард теңге;
• «ПетроКазаҚстан Ойл Продактс» ТШО – 178,3 миллиард теңге;
• «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС – 170,5 миллиард теңге;
• «Азиатский Газопровод» ЖШС – 167,8 миллиард теңге;
• «KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС – 159,5 миллиард теңге;
• «Джей Ти Ай Қазақстан» ЖШС – 157,5 миллиард теңге;
• «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС – 152,5 миллиард теңге;
• «Эмбімұнайгаз» АҚ – 145,9 миллиард теңге;
• «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС – 139,2 миллиард теңге.
ТОП-50
Жалпы алғанда топ-50-ге кірген кәсіпорындар экономикадағы төмендегі салалардан:
• тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді игеру – 23 компания;
• өңдеу өнеркәсібі – 9 компания;
• көтерме және бөлшек сауда – 7 компания;
• ақпарат және байланыс – 3 компания (мобильді байланыс операторлары);
• қаржы және сақтандыру қызметі – 3 компания (ҚР ЕДБ);
• көлік және сақтау – 3 компания;
• кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 1 компания («ҚазМұнайГаз ҰК АҚ»);
• құрылыс – 1 компания (өндірістік секторда жұмыс істейтін).