Осы аптада Испанияның шығысындағы су тасқыны құрбандарының саны жұмада Валенсия провинциясында ғана кемінде 202-ге жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Аймақ билігінің мәліметінше, кенеттен келген тасқыннан өзге аймақтарда кем дегенде тағы үш адам қайтыс болған,
Бұл су тасқыны Испанияның қазіргі тарихындағы ең жойқын деп танылды.
30 ЖЫЛДАҒЫ ЖОЙҚЫН АПАТ
Телевизиялық репортаждарда жергілікті тұрғындардың түсірген видеоларында су бірінші қабатқа кіріп, өзендер арнасынан асып, кемінде бір көпір құлағаны көрсетілді. Сейсенбі күні болған тасқын Испаниядағы 1996 жылдан бергі ең жойқын табиғи апат болып отыр, ол кезде Пиреней тауларында 87 адам қайтыс болған еді.
Соңғы ірі су тасқыны оқиғалары 2021 жылдың шілде айында Еуропада болып, Германия, Бельгия, Румыния, Италия және Австрияда 243 адамның өмірін қиды.
НӨСЕР СЕБЕБІ
Ғалымдар интенсивті жауын-шашын "суық тамшы" (gota fría) деп аталатын құбылысқа байланысты болғанын айтады. Суық ауа жылы Жерорта теңізі суларының үстінен қозғалып, атмосфералық тұрақсыздықты тудырады, жылы және ылғалды ауаның тез көтерілуі нөсер мен мен найзағайға әкеледі.
Ғалымдардың айтуынша, климаттық дағдарыс салдарынан экстрималды ауа райы құбылыстары, оның ішінде толқындар мен дауылдар күшейіп келеді.