Қазақстанда TikTok-ты бұғаттау: Бектенов жауап берді

Әлихан Асқақ

Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанда TikTok-ты блоктауды ұсынған сенатор Геннадий Шиповскихтің сауалына жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

МӘН-ЖАЙЫ

Министрлер кабинетінің басшысы бұғаттау жоспарланбағанын айтты, өйткені TikTok-пен контент модерациясын жақсарту және жас пайдаланушыларды қорғау бойынша ынтымақтастық жалғасып жатыр. Мысалы, 2024 жылдың қаңтар-тамыз аралығында Қазақстанда 13 жасқа толмаған пайдаланушылардың 1,2 миллионнан астам аккаунты жойылған. 

АЛГОРИТМДЕРДІ ЖЕТІЛДІРУ

Бектенов әлеуметтік желілердің қоғам үшін маңызды екенін және пайдалы контенттің көзі бола алатынын атап өтіп, алгоритмдерді жетілдіру және заңсыз контентпен күресу жұмыстары жалғаса беретінін айтты. Сондай-ақ премьер-министр қазіргі жастарды тәрбиелеудегі мәселелер тек әлеуметтік желілердің зиянды әсерінен ғана емес екенін атап өтті.

Естеріңізде болса, осыдан біраз уақыт бұрын сенат депутаты Геннадий Шиповских Tik-tok әлеуметтік желісіне байланысты бірқатар талаптар қойып, оларды орындамаған жағдайда желіні бұғаттау туралы бастама көтерген.