Қазақстан жол жөндеуге 291,4 млн доллар қарыз алды

Сырым Қаржас

Азия даму банкі (АДБ) Қазақстанға үкімет кепілдігімен 291,49 миллион долларға дейінгі сомаға жергілікті валютада несие беруді мақұлдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Бұл туралы Қытайдың Xinhua агенттігі ақпарат таратты.

Бұл қаржы Қызылорда мен Жезқазғанды ​​байланыстыратын 208 шақырымдық екі жолақты тас жолды стандартты, климатқа төзімді деңгейде жаңартуға бағытталған.

“Жаңартылған жол маусымдық қатынауды қамтамасыз етеді және осы бағытта жүру уақытын төрт сағаттан екі сағатқа дейін қысқартады деп күтілуде. Жобаға шағылыстыратын жолақтар, жаяу жүргіншілер өткелдері мен жол айырықтары кіреді. Бұл шаралар жол-көлік оқиғаларының санын айтарлықтай азайтады және жол дәлізінің жалпы қауіпсіздігін арттырады деп жоспарланған”, деп жазды Xinhua.

Бұған қоса, бұл аймақтар арасындағы байланысты жақсартып, ұлттық және халықаралық сауданы дамытуға ықпал етеді.