Атыраудан шыққан FlyArystan ұшағы Ақтауға екі рет қона алмады

Сырым Қаржас

Атыраудан ұшып шыққан FlyArystan әуе компаниясының ұшағы Ақтауға қона алмады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Gov.kz

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Әуе компаниясының Атырау-Ақтау бағытындағы KC7277 рейсін ауа райына байланысты кейінге қалдырғаны белгілі болды.

Рейс 2 қараша күні сағат 21:50-де ұшып шыққан, бірақ ұшақ қона алмады.

СӨЗБЕ-СӨЗ

"Ақтау қаласындағы ауа райының ахуалына байланысты (атап айтқанда, қою тұман және сәйкесінше көру мүмкіндігі барынша төмендігі) ұшақты қондыру мүмкін болмады. Атырау қаласына қайта қайту туралы шешім қабылданды".

Екінші рейс 2024 жылғы 3 қарашада сағат 06:50-де орындалды, бірақ Ақтаудағы қолайсыз ауа райына байланысты ұшақ тағы да Атырауға қайта оралды.

Әуе компаниясы рейстің жоспарланған үшінші ұшып шығу әрекеті туралы хабарлады. Алайда оның қалай орындалғаны туралы әлі ақпарат жоқ.