Байдың балалары. Шымкентте кәмелетке толмаған есірткі сатушылар ұсталды

Әлихан Асқақ

Шымкентте түркістандық кәмелетке толмаған есірткі жасырушылар ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Күдіктілер әр есірткі бумасы үшін бір жарым мың теңгеден алып отырған. Олар жағдайы жақсы отбасыдан шыққанына қарамастан, осындай қадамға барғаны хабарланды.

Күдіктілерден «мефедронның» жүзден астам дозасы тәркіленіп, өздері уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Кейінгі аптада республика бойынша есірткі өткізудің 16 фактісі анықталды. Заңсыз айналымнан 10 келі синтетика тәркіленген.

Есірткі қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталатынын ескертеміз. Ата-аналарды балаларына мұқият болуға шақырамыз, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары.