Көлік апаты: құтқарушылар Ақмола облысында үш адамды көліктен алып шықты

Сырым Қаржас

Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Ақмола облысында жол-көлік апатына ұшыраған үш адамды арнайы техникалардың көмегімен құтқарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Видео кадры

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

“Бүгін "Ақкөл-Степногорск" автожолында Домбыралы ауылының маңында екі жеңіл автокөліктің соқтығысуы салдарынан төрт адам түрлі жарақат алып, үшеуі есікке қысылып қалған”, делінген министрлік хабарламасында.

Үш азаматты көлік ішінен шығару үшін құтқарушылар гидравликалық авариялық-құтқару құралының көмегіне жүгінуге мәжбүр болған.

Өйткені қатты деформацияланған көлік есігін қолмен ашу мүмкін болмаған.

Зардап шеккен азаматтар жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.