Алматы әуежайының президенті Гокер Косе әуежай аумағындағы бомбадан қорғанатын орындардың қазіргі жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Биыл маусым айының басында қызметіне кіріскен Гокер Косе Алматы әуежайына неліктен жиі сын айтылатынына жауап бере отырып, мұнда қандай жұмыстар атқарылып жатқанын айтты.
Алматы әуежайының жаңа терминалы уақытынан бұрын салынып, іске қосылды. Сондықтан біз кей кемшіліктерді әлі де жойып жатырмыз. Алдағы уақытта әуежайдың салаларын дамытуға көмектесетін инвестициялар жасалады. Біз, тіпті, әуежай аумағында орналасқан бомбадан қорғану орындарында күшейтіп жатырмыз. Сондықтан алдағы 3-4 жылда барлығы мінсіз сапада болады, – деді Гокер Косе.
40 ЖЫЛ ЖӨНДЕУ КӨРМЕГЕН
Оның айтуынша, 40 жыл бойы бұл орындар жөндеу көрмеген, сондықтан жағдайы нашар.
Бомбадан қорғанатын орындар өте нашар жағдайда. Өйткені 40 жыл бойы олар күтіп ұсталмаған және ешқандай жөндеу жұмыстары жүрмеген. Ол ескі әуежай терминалында орналасқан, жалпы ауданы – 1000 шаршы метр. Біз оны жаңартып, заманауи талаптарға сәйкес болуы үшін жұмыстар жүргіземіз. Бірақ бұл инвестициялық жобалардың бірі ғана, – деді Алматы әуежайының президенті.
Сондай-ақ ол мегаполистегі халықаралық әуежайға алдағы уақытта кем дегенде 100 млн доллар инвестиция салмақшы.