Астанада жеке тұрғын үйден өрт шықты

Қалижан Бектемір

Астана гарнизонының диспетчеріне Байқоңыр ауданы Үшқоңыр көшесі бойындағы жеке тұрғын үйлердің бірінің аумағында орналасқан объектінің өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: видеодан скрин

ТОЛЫҒЫРАҚ

Шақыру орнына дереу бағытталған өрт сөндірушілер бөлек тұрған бір қабатты дүкеннің шатыры мен төбе жабындыларының жанып жатқанын анықтады.

Екпіні күшті жел себебінен өрт көрші тұрған үйге көшу қаупі төніп тұрды.

ТЖМ НЕ ДЕЙДІ

ТЖД күшімен өртке оранған құрылыстан кез келген сәтте өрт сөндірушінің қолында жарылуы мүмкін екі оттегі баллоны шығарылды, – делінген хабарламада.

Өрт 50 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.