Испанияда су тасқыны: құрбандар саны 223-ке жеткен

Қалижан Бектемір

Жәбірленушілердің көпшілігі Валенсия автономды қауымдастығында тіркелген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Euronews

Бұл туралы Испанияның көлік министрі Оскар Пуэнте X желісінде хабарлады.

“223 адам қаза тапты”, – деп жазды ол.

Оның айтуынша, Валенсияда 215 құрбан тіркелгенін, Кастилия-Ла-Манча автономды қауымдастығында – 7, Андалусияда – 1.

Хабар-ошарсыз кеткендердің саны – 78. Бұл ретте ведомство басшысы апат кезінде қаза тапқандардың 48-і әлі анықталмағанын атап өтті.

Испанияның оңтүстік-шығысындағы аудандар мен ауылдар қирандыға айналды. Мұндай жойқын апаттың себебі аймаққа келген DANA класындағы дауыл болды. Ол көбінесе табиғи апаттарға айналатын атмосфералық «суық тамшы» құбылысын тудырады. Испания премьер-министрі Педро Санчес осы ғасырда көрген ең ауыр су тасқынынан кейін өз елін қалпына келтіруге көмектесу үшін Еуропалық ынтымақтастық қорынан қаражат сұрады.