ҰҚК Орал қалалық сотының төрағасына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растады

Сырым Қаржас

ҰҚК Орал қалалық сотының төрағасы Руслан Жұмағұловқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz КазТАГ агенттігіне сілтеме жасап.

КазТАГ

«Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр», – деп жазды ҚазТАГ.

Еске сала кетсек, кеше Орал қалалық сотының төрағасы Руслан Жұмағұлов тергеу органдарының өтініші бойынша 10 күнге қамауға алынған еді.

Сот басшысын қамауға алу санкциясын Астанадағы тергеу соты берген. Ресми мәліметке сәйкес, 6 қарашада тергеуші Орал қалалық сотының төрағасын 10 күнге қамауға алуға өтініш түсірген.