Мысырда қазақстандық туристер отырған автобус апатқа ұшырады

Сырым Қаржас

Египетте ТМД туристері мінген автобус аударылып, жол-көлік оқиғасы салдарынан 40-тан астам адам зардап шекті, Ulysmedia.kz. Cairo 24 басылымына сілтеме жасап.

Cairo 24

Автобустағылардың басым көпшілігі ресейлік және украиналық туристер.

«Зардап шеккендердің 31-і – Ресей мен Украинадан, үшеуі – Қазақстаннан, үшеуі – Әзербайжаннан, тағы төртеуі мысырлық екені анықталды. Зардап шеккендердің барлығы медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді. Болған жайтқа қатысты тиісті хаттама жасалды. Сондай-ақ қажетті шаралар қабылданды», – деп жазды Cairo 24.

Жол-көлік апаты Суэц шығанағының жағасындағы Рас-Сидр қаласының маңында болғаны белгілі.

Оқиғаның себептері анықталып жатыр.