Қатерлі ісік диагнозы қойылғаннан кейін сырқатына химиялық терапия қолданған Кейт Миддлтон алғаш рет ресми іс-шараға барды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ханшайым жайлы алғашқылардың бірі болып Daily Mail басылымы жазады.
Ханзада Уильямның жұбайы еске алу фестиваліне барды. Онда олар қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына құрмет көрсетті.
Іс-шараға Король Чарльз III, Уэльс ханзадасы және корольдік отбасының басқа мүшелері де қатысты. Патшайым Камилла қатыса алмады. Себебі дәрігерлер сырқатына байланысты оның көпшілік орынға баруына тыйым салған.
Бұған дейін хабарланғандай, Уэльс ханшайымы Кейт Миддлтонға қатерлі ісік диагнозы қойылған еді. Кейт Мидлтон қатерлі ісік ауруын емдегеннен кейін қызметіне қайта кіріскені де белгілі болды.