Қостанай облысы Қарасу ауданы Новоселовка ауылында 1956 жылы туған әйел аяғынан жарақат алып, ауруханаға өздігінен бара алмады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Тұрғынды ауруханаға ТЖМ құтқарушылары жеткізді.
“Қолайсыз ауа-райы мен қармен жабылған жолдар аудандық ауруханаға көлік қатынасын қиындатты. Ауыл әкімшілігінен хабарлама алған құтқарушылар жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп дереу көмекке ұмтылды”, делінген ТЖМ хабарламасында.
Үйлестірілген жұмыстың нәтижесінде зардап шеккен азамат ауруханаға қысқа уақытта жеткізілген.
Еске сала кетсек, бұған дейін еліміздің басым бөлігінде көктайғақ болып, бұрқасын күтілетіні, кей аймақтарда тұман түсетіні хабарланған.
Сондай-ақ Астанада ауа райының қолайсыздығынан қала маңындағы автобустар жүруін уақытша тоқтатқан. Ал Астана халықаралық әуежайында жел мен бұрқасынның кесірінен 6 рейс кешігіп жатқанын жазғанбыз.