Қостанай облысы Қамысты ауданында болған іс-шараға 60-қа жуық мекеменің қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар қатысқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
"Бауырсақ фест" іс-шарасында Қазақстан гиннес рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов бұған дейінгі рекорд 2 тонна, 47 келі болғанын атап өтті.
Әлемдік рекордты тіркеу үшін Қостанай облысына Астанадан арнайы келдік. Бұған дейінгі бауырсақ рекорды екі тонна қырық жеті келі болған. Ал қамыстылықтар "екі тонна жүз келілік межеге жетеміз" деп айтты. Байқағанымыздай, мұнда 2 тонна 300 келіге жақын бауырсақ пісірілді. Сондықтан, рекорд жаңарды. Бұл – тек Қамысты, Қостанайдың ғана емес, тұтас Қазақстанның мақтанышы. Себебі, бұл – әлемдік рекорд, – деді ол.
Фестивальде ас атасының алуан түрі дайындалып, әр аспаз білгенін ортаға салған.