«Тұман, екпінді жел»: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Қалижан Бектемір

"Қазгидромет" синоптиктері 14-16 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Алдағы үш күнде Қазақстанның батысында, сонымен қатар оңтүстігінде антициклон әсерінен 15-16 қарашада оңтүстік-шығыста, 16 қарашада республиканың орталығында, шығысында және солтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Алайда еліміздің солтүстік жартысында және оңтүстік-шығысында қарлы ауа райы, солтүстігінде бұрқасын сақталады.

15-16 қарашада циклон жырасы біртіндеп батыс аймақтарға ауысып, одан жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде, сондай-ақ көктайғақ болады. Еліміздің оңтүстік-шығысында 14 қарашада қар жауады деп болжануда. Ел аумағы бойынша тұман түсіп, екпінді жел соғады.

Түнде ауа температурасы батыста 1-10 градус жылыға дейін, солтүстік-батыста және солтүстікте 2-11 градус аязға дейін, орталықта 5-13 градус аязға дейін, шығыста 5-18 градус аязға дейін, оңтүстікте 2-10 градус аязға дейін жоғарылайды, еліміздің оңтүстік-шығысында түнде 2-13 аязға дейін төмендейді деп күтілуде.

Бұған дейін ауа райының бүзылуына байланысты екі облыста жүк қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлаған едік.