Газа секторындағы құрбандар саны қанша адамға жетті

Қалижан Бектемір

Былтырғы 7 қазан айынан бері Израильдің Газа секторындағы шабуылынан қаза тапқандар саны 43 712-ге жеткен. Бұл туралы Газа секторындағы Палестина денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia

Анадолы агенттігінің жазуынша, Израиль шабуылы 404 күн бойы жалғасып жатыр. Тек соңғы 24 сағатта Израиль армиясының Газа секторының әртүрлі аймақтарында жасаған «жеті қырғыны» салдарынан 47 адам қаза тапқан.

Сондай-ақ Палестина эксклавының 182 тұрғыны жарақат алды, – делінген хабарламада.

2023 жылдың 7 қазанынан бері Израильдің Газа секторында жасаған геноцидінің салдарынан қаза тапқандардың жалпы саны 43 712-ге, жараланғандар саны 103 258-ге жетті, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

“Қаза тапқандардың мәйіттері әлі қираған ғимараттардың астында және жол жиектерінде жатыр. Жедел жәрдем бригадалары мен азаматтық қорғаныс күштерінің өкілдері Израиль күштері тудырған кедергілерге байланысты оларға жете алмайды” деп қосты ведомство.

Еске салсақ, АҚШ-тағы президенттік сайлауда жеңіске жеткен Дональд Трамп Палестина ұлттық әкімшілік басшысы Махмуд Аббасқа Газа секторындағы әскери қақтығыстарды тоқтатуға барынша тырысатынын айтқан болатын.