13 қараша күні кешке Қырғызстан тұрғындары интернетке қосыла алмай қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙЫ
Қолданушының хабарлауынша, келеңсіздік 20:30-дан кейін басталған. Олар интернеттің баяу істегеніне, кейбірі тіпті мүлде қосылмағанына шағымданған.
Қырғызстанның Цифрлық даму министрлігі оқиғаға сыртқы интернет-провайдерлер желісіндегі апат себеп болғанын мәлімдеді, – деп жазады 24.kg сайты.
ЦИФРЛЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІНІҢ МӘЛІМДЕМЕСІ
Осыған байланысты кейбір байланыс операторлары интернетке қосылуда уақытша қиындыққа тап болды. Мамандар тұрақты байланысты тезірек қалпына келтіруге бар күш-жігерін салып жатыр, – делінген ведомствоның ресми мәлімдемесінде.
Еске салсақ, Қырғызстанда жаппай тәртіпсіздік пен билікті басып алуға дайындалған топ ұсталғаны хабарланған болатын.