Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Сенат кулуарында айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТАҚЫРЫП ТАЛҚЫЛАНАДЫ
Біз өзіміздің ең үздік институттарымызды тартамыз – география институтымыз өте жақсы, ол осы мәселелермен айналысады, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігінің физиология мен медициналық бөлігіне қатысты бірнеше институт қатысады. Жоғары ғылыми-техникалық комиссия (ЖСТК) өз отырысын өткізіп, бұл тақырыпты талқылауға шығарады. Егер қолдау тапсақ, онда бірден конкурс жариялап, зерттеу жұмысын бастаймыз. Зерттеу консорциум арқылы жүргізіледі, – деді министр.
ОҒАН ҚАНША ҚАРЖЫ БӨЛІНЕДІ
Алайда ол өз сөзінде зерттеуге бөлінетін қаржының нақты көлемін атамады.
Бөлінген қаражат сомасы туралы нақтылау керек, бірақ оның көлемі үлкен емес. Алдымен зерттеуге жалпы лимитті анықтап, содан кейін конкурс процедуралары – ғылыми кеңестер, өтінімдер және басқа да рәсімдер жүргізіледі, – деді Саясат Нұрбек.
ЖАҢА УАҚЫТ БЕЛДЕУІ
Қазақстан биыл 1 наурыздан бастап жаңа уақыт белдеуіне көшіп, бүкіл елде уақыт теңестірілді. Алайда бұл барлық тұрғынға бірдей қолайлы болмай шықты. Қазақстандықтар тіпті уақытты кері қайтару туралы петиция жариялап, оған қысқа уақытта 50 мың қол жиналған.
Бірақ үкімет бірыңғай уақыт белдеуіне өтудің дұрыстығын қайталаудан танбай келеді. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің мәліметінше, қолданыстағы UTC + 5 сағаттық белдеуі Қазақстан аумағының көп бөлігіндегі табиғи күн циклдеріне сәйкес келеді.
Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин уақыт белдеуінің өзгеруі қазақстандықтардың денсаулығына әсер етеді әрі электр энергиясын шамадан тыс тұтынуға алып келеді деген уәж расталмады деген.