Кселл тұрақты өсімді көрсетуде: 9 айдағы кіріс 9%-ға артты

Ulysmedia

«Кселл» жетекші мобильді операторының жалпы табысы 3-тоқсанда өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 7,5 пайызға өсіп, 60,5 миллиард теңгеге жетті. Бұл туралы компания өкілдері Қазақстан қор биржасы алаңында өткізілген дәстүрлі «Эмитент күні» барысында мәлімдеді. Ұсынылған есеп бойынша, оператор 9 ай ішінде негізгі қаржылық-экономикалық көрсеткіштердің барлығында дерлік өсім көрсетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Кселл» АҚ Корпоративтік байланыс бөлімі

Атап айтқанда, компания ағымдағы жылдың 9 айында табысты 180 миллиард теңгеден асырып, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 9 пайызға арттырды. Бұл клиенттік базаның өсуін, сату көлемінің ұлғаюын және маркетингтік стратегиялардың табыстылығын көрсетеді. Оператордың сервистік табысы шамамен 6,5 пайызға өсіп, 149,4 миллиард теңгені құрады. EBITDA 63 миллиард теңге шамасында болса, таза пайда 8,07 миллиард теңгеге жетті. Компания сапалы байланысты қамтамасыз ету үшін мықты іргетасқа айналатын инфрақұрылымды салуға және жаңартуға бағытталған ірі инвестициялық циклды бастады. Бұл радиожиілік спектрін пайдалану және кеңейтілген базалық станциялар желісіне қызмет көрсету шығындарының өсуіне әкеп соқтырды.

«Сіздер білетіндей, соңғы 2 жылда біз 5G желілерінің құрылысын белсенді түрде жүргізіп келеміз, бұл, әрине, ауқымды капиталдық шығындарды қажет етеді. Жалпы алғанда, 9 айда біз желіні дамытуға шамамен 65 миллиард теңге инвестиция салдық. Сонымен қатар, биыл біз желіні салу және дамыту қарқынын арттырдық, бұл қаржылық көрсеткіштерге әсер етті. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 3-тоқсанында компания республика бойынша 5G стандарты бойынша 129 базалық станцияны және 100-ден астам 4G «сайтын» іске қосты. Осылайша, қыркүйек айының соңында Қазақстан бойынша 5G базалық станцияларының саны 1040-қа жетіп, жаңа стандартты станциялар үлесі елдегі барлық базалық станциялардың үлесінен 25 пайызға артты. Бүгінде 20 қалада миллионнан астам қазақстандық 5G телеком-қызметтерін белсенді түрде пайдалануда. Сондай-ақ, біз Алматы метрополитенінде жаңа технология негізінде байланыс орнатқан елдегі алғашқы оператор болдық», – деп атап өтті Кселл АҚ-ның бас қаржы директоры Сабиғат Рахметов қаржылық есепке түсініктеме бере отырып.

3-тоқсанның нәтижелеріне келсек, 2023 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда компанияның табысы 7,5 пайызға өсіп, 60,4 миллиард теңгені, сервистік табыс 2,8 пайызға артып, 51,1 миллиард теңгені құрады, ал EBITDA 22,3 миллиард теңгеге жетті. Компанияның абоненттік базасы 2 пайызға жуық ұлғайып, 7,7 миллион пайдаланушыны құрады. Бұл көрсеткіштер Кселлдің нарықтағы орнының беріктігін, ақша ағынын жоғары деңгейде ұстап тұруын және операциялық, қаржылық көрсеткіштердің оң динамикасын сақтап отырғанын көрсетеді.

«Ағымдағы жылы компания өз желісін дамыту әрі жаңғыртуға, оның ішінде телеком-қызметтер мен цифрлық сервистердің сапалық сипаттамаларын арттыру үшін 5G құрылысына күрделі шығындар мен инвестицияларды ұлғайтуды жалғастыруға ниетті. Біз компания менеджменті ретінде жыл қорытындысы бойынша кіріс деңгейін 240-250 миллиард теңге «дәлізіне»  жеткізуді болжап отырмыз. EBITDA бойынша рентабельділік 36-37% деңгейінде сақтап, табысқа шаққандағы капиталдық шығындарды 30-35% шегінде ұстап тұрамыз деп жоспарлап отырмыз», – деді «Кселл» АҚ-ның Бас коммерциялық директоры Ольга Цой.

Сондай-ақ, компания 3-тоқсанда республикадағы 123 ауылда жаңа байланыс орнатып, интернетке қолжетімділікті жақсартты. Бұл үшін ауылдық жерлерде 277 базалық станция (серіктестердің базалық станцияларын қоса алғанда) іске қосылды. Компанияның тағы бір қызықты жобасы – Cruise Data теңіз кемелері мен круиздік лайнерлерде роуминг-пакетін іске қосу болды. Сонымен қатар, жазда оператор әртүрлі клиенттік категорияларға бағытталған бірнеше жаңа тарифтік жоспарларды іске қосты: «Имба» – балалар мен мектеп оқушыларына, «Студент» – ЖОО мен колледж студенттеріне, сондай-ақ, «Отбасы» – 7 адамға дейін қосылуға мүмкіндік беретін отбасылық тариф. Кселл әр тарифтік жоспарды қажетті әрі қызықты мазмұнмен қамтамасыз етуге тырысты, және бұл абоненттердің көңілінен шыққаны байқалады.