Перизат Қайраттың ісінде Amanat партиясының аты аталды. Бұған Жұмағариннің жауабы қандай

Ғалиасқар Думан

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Biz Birgemiz қорының басшысы Перизат Қайратқа қатысты дау туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia.kz

ПАРТИЯ БЕЛЕДІ

Журналистер қордың құрылтайшылары қатарында 10 адам болғанын, олардың көпшілігі Amanat партиясының мүшелері екенін атап өтіп, Жұманғариннен бұл жағдай өзі өкілі болып табылатын партияның және қайырымдылық институтының беделіне әсер етпей ме деп сұрады.

"Мен бұл жаңалыққа қатты назар аудармадым. Ол мені, өкінішке қарай, таңғалдырмады. Соңғы күндердегі қарбаласта бұл жаңалық менің назарымнан тыс қалды," – деді ол.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ТЕКСЕРУ

Жұмағариннен сондай-ақ шенеуніктердің әлеуметтік желілердегі сән-салтанат элементтері бар өмірлері туралы жазбаларынан кейін тексеріс бола ма деп сұралды.

“Барлығы өз жұмысын атқарып жатыр," – деп қысқа жауап берді ол бұл сұраққа.

ОҚИҒА ЖЕЛІСІ

Еске сала кетсек, волонтер Перизат Қайрат «Көмекке жиналған 1,5 млрд теңгені жымқырған» деген күдікпен ұсталып, тергеліп жатыр.

Сенбі, 16 қараша күні Қаржы мониторингі агенттігі Перизат Қайраттың Палестинаға деп ақша жинап, тағы 200 млн теңге жымқырғанын растады. Тергеу нұсқасы бойынша, Палестинаға деп жинаған ақшаға Перизат Қайраттың "Mercedes-Benz EQE 500 4 Matic" қымбат көлігін, сондай-ақ БАӘ-де "Rolex", "Prada" және "Fendi" бренд бутиктерінің зергерлік бұйымдарын, сағаттары мен киімдерін сатып алған.

Сондай-ақ Ulysmedia.kz ресми ашық дереккөздер арқылы Перизат Қайрат басқарған Biz Birgemiz қоры жайлы мәліметтерге үңіліп көріп, қордың бірнеше құрылтайшысы барын анықтады.

Перизатпен бірге «Amanat» партиясының да аты қатар аталып, ел ішінде түсініспеушіліктер пайда болды. Осыған байланысты «Amanat» партиясының басшылығы өздерін «Biz Birgemiz» қорының құрылтайшысы саналмайтынын мәлімдеді.

Қазақстан Республикасының пара үстел теннисі федерациясы да Перизат Қайрат ұйым президенті қызметінен босатылғанын мәлім етті. Бұл шешім 2024 жылдың 14 қарашасында Федерацияның кезектен тыс жиналысында қабылданған. Оған Перизат Қайраттың ұсталып, тергеу жұмыстарының жүргізіліп жатқаны себеп болған.

“Instаgram”-дағы 112 Aktau парақшасы Перизат Қайраттың бірнеше жыл бойы Ақтау қаласында оқығанын жазып, оны танитын қыздың видеосын жариялады

Бейне материалда оны сырттай танитын қыз азғантай ғана уақыттың ішінде Перизат колледжде телефон, камера ұрлағанын, сол үшін оқудан шығарылғанын айтты.

 

“Ауру қалса да, әдет қалмайды” деп халқымыз бекер айтпаған екен ғой. Студент кезінде ұрлығы үшін оқудан шығарып жіберіп еді. Қазір қайтадан ұсталып жатыр екен”, дейді видеодағы бейтаныс қыз.

Оған сонымен қатар Палестина халқына көмек көрсету туралы есептерді ұрлады деген де айып тағылды.