Қазақстанның өнеркәсіп және құрылыс министрлігі алтын, күміс, қорғасын және мырыш сияқты қатты пайдалы қазбалардың 26 кен орны бойынша электрондық аукцион өткізетінін хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.
2024 жылдың 7 қарашасында осы қазбаларды өндіруге аукцион өткізу тәртібі жаңартылды. Қатысуға өтінімдерді 2024 жылғы 15 қарашадан бастап 2025 жылғы 15 қаңтарға дейін "Minerals.e-qazyna.kz" БЖТ платформасы арқылы беруге болады. Аукционның өзі 2025 жылы 29 қаңтарда qazyna.kz веб-порталында өтеді.
Аукционға қатысу құқығы үшін бастапқы жарна мөлшері 100 АЕК — 369 200 теңгені құрайды.
Айта кетейік, сатуға арналған кен орындарының тізімінен ең ірісі – Қарағанды облысындағы 1-ші Дубовская шахтасының 27 шаршы шақырым алқабы.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ КЕН ОРЫНДАРЫ
Қараша айының басында ресейлік Solidcore Resources plc Қазақстанның солтүстігіндегі Lancaster Group компаниясынан игерілмеген Сырымбет қалайы кен орнында 55% үлесін алатыны белгілі болған.
Ал наурыз айының басында Қазақстанның өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Обухов кен орны бойынша электрондық аукцион өткізілетінін хабарлады.