Жаңаөзенде ереуілдеткен жұмысшыларға бастығы боқтаған: ол үшін ҚазМұнайГаз ақталып жатыр

Сырым Қаржас

Әлеуметтік желілерде "Өзенмұнайгаз" басқарма төрағасы Жанболат Саймағанбетовтің Жаңаөзенде ереуілге шыққан мұнайшыларға боқтап жатқан видеосы тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

скриншот

ӘҢГІМЕ ҚАЙДАН ШЫҚТЫ

Кадрларда директор жұмысшылардың бірімен сөйлесіп тұрған видеосы тарады. Алайда наразылық білдірген азамат бастығы Саймағанбетовке "жасаған" барлық әрекеті үшін жауап беретінін айтқанда боқтық сөз айтылған. 

– Қазір мынаның п..ц қылып, а... шығарам, - дейді бастығы жұмысшының бірін нұсқап. 

Осыған келгенде жұмысшылар шыдамай, жан-жақтан айқайлай кетеді

ҚАЗМҰНАЙГАЗ НЕ ДЕП АҚТАЛДЫ

Іле-шала ҚазМұнайГаз компаниясы осы оқиға бойынша ақпарат таратты. Ұлттық компания ӨМГ басшысымен “әңгіме жүргізілетінін” хабарлайды.

– Өз кезегінде, бұрғылау жұмыстары басқармасының жұмысшыларын сабыр сақтап, екі жақты диалог кезінде арандатушылық мәлімдемелер мен әрекеттерге бой бермеуге шақырамыз. Видеода баяндалған жағдайға дейін БЖБ жұмысшылары инженерлік-технологиялық қызметкерлердің кабинеттеріне баса кіріп, оларды рұқсатсыз акцияға қосылуын талап еткен. Сонымен қатар әлеуметтік желіде тараған видеода ӨМГ басшылығымен болған әңгіме толық емес, – дейді ҚМГ.

Бұған дейін “ҚазМұнайГаз” компаниясы “Өзенмұнайгаздың” наразы жұмысшыларының талабына жауап беріп, олардың талабын орындау мүмкін еместігін мәлім еткен.