Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаевке Мәжіліс кулуарында Biz Birgemiz қорының ұсталған басшысы Перизат Қайрат жөнінде сұрақ қойылды. Бейсенбаев күдіктімен таныс екенін айтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТАНЫСПЫН
1,5 млрд теңге жымқырды деген күдікпен ұсталған Перизат Қайратты Елнұр Бейсенбаев ерікті ретінде біледі екен.
– Біріншіден, дәлелдесін, тергеу жүргізсін. Егер Қаржы мониторингі агенттігінің мәлімдемесі осындай болса, онда бұл жаға ұстатар жайттар. Перизат Қайратты бірнеше рет көрдім. Ол ерікті болды. Адамдарға көмектесті. Әрине, жиындарға кездестіргенім бар. Өзім де ерікті болдым. Бірақ мен бұл қордың қызметімен таныс емеспін, - деді мәжілісмен.
ӨЗІ ЖАУАП БЕРЕДІ
Ulysmedia.kz тілшісі Елнұр Бейсенбаев басқа адамдардың бұл іске қатысы бар-жоғын сұрап көрген. Себебі қазақстандықтардың кейбірі 32 жастағы Перизаттың өзі көмекке жиналған 1,5 млрд теңге және 200 млн теңге ұрлау схемасын өзі ұйымдастыра алатынына аз сенбейді. Депутат тергеу нәтижесін күтуге шақырды.
– Онда үлкен фактілер жөнінде айтылады. Айтылған сомалар да. Әрбір қайырымдылық жасаушы белгілі бір мөлшерде ақша жіберетін адамдармен ашық ұсынысқа қол қоятынын түсінуі керек. Әрине, сол ақшаның дұрыс бағытталуының тазалығына өзі жауап береді, - деді ол.
ҚОР Amanat ПАРТИЯСЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ МА
Бейсенбаев бұл сұраққа жауап бере отырып, дауысын көтере "қор Amanat партиясымен байланысты емес" деп жауап берді.
– Бір кездері құрылтайшылар қатарында болған жігіттер сол кезде жас еріктілер болатын. Бұл үш жыл бұрын болған. Осыдан кейін балалар белгілі бір жетістіктерге жетті, Amanat партиясының мүшелері болды. Қазір олар белгілі бір лауазымдарда жұмыс істейді. Бұл олардың бірден аманаттық болғанын білдірмейді. Иә, олар сол кезде ерікті болды. Сергей Матющенко, сол Арслан Магзумов. Мен оларды белсенділер, еріктілер ретінде білемін. Пандемия кезінде Қазақстанның 600 мыңнан астам азаматы бізден көмек алды, - деді мәжілісмен.
Елнұр Бисенбаевтің өзі қорға ақша аудармағанын айтады.
ОҚИҒА ЖЕЛІСІ
Еске сала кетсек, волонтер Перизат Қайрат «Көмекке жиналған 1,5 млрд теңгені жымқырған» деген күдікпен ұсталып, тергеліп жатыр.
Сенбі, 16 қараша күні Қаржы мониторингі агенттігі Перизат Қайраттың Палестинаға деп ақша жинап, тағы 200 млн теңге жымқырғанын растады. Тергеу нұсқасы бойынша, Палестинаға деп жинаған ақшаға Перизат Қайраттың "Mercedes-Benz EQE 500 4 Matic" қымбат көлігін, сондай-ақ БАӘ-де "Rolex", "Prada" және "Fendi" бренд бутиктерінің зергерлік бұйымдарын, сағаттары мен киімдерін сатып алған.
Сондай-ақ Ulysmedia.kz ресми ашық дереккөздер арқылы Перизат Қайрат басқарған Biz Birgemiz қоры жайлы мәліметтерге үңіліп көріп, қордың бірнеше құрылтайшысы барын анықтады.
Перизатпен бірге «Amanat» партиясының да аты қатар аталып, ел ішінде түсініспеушіліктер пайда болды. Осыған байланысты «Amanat» партиясының басшылығы өздерін «Biz Birgemiz» қорының құрылтайшысы саналмайтынын мәлімдеді.
Бұдан бөлек Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Перизат Қайрат ұсталған соң әлеуметтік желіде пост жазып, қайырымдылық көмегін көрсету механизмдерін жетілдіру керектігіне, барлық қазақстандықтарды қайырымдылық ұйымдарын мұқият зерттеуге және тек сенімді серіктестермен ғана жұмыс істеуге шақырды.
Қазақстан Республикасының пара үстел теннисі федерациясы да Перизат Қайрат ұйым президенті қызметінен босатылғанын мәлім етті. Бұл шешім 2024 жылдың 14 қарашасында Федерацияның кезектен тыс жиналысында қабылданған. Оған Перизат Қайраттың ұсталып, тергеу жұмыстарының жүргізіліп жатқаны себеп болған.