Қазақстанға көрші елдің бірі астанасын ауыстырады

Сырым Қаржас

Иран астанасын Тегераннан басқа қалаға көшіру жоспары 2013 жылдың 25 желтоқсанында қабылданған. Елдің президенті бұл шаруаны жеделдетуді тапсырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөзден

Иран президенті Масуд Пезешкиан ел астанасын Тегераннан елдің оңтүстік шекараларына, Парсы шығанағының жағалауына көшіру жоспары бойынша жұмыстың басталғанын жариялады.
Президент "Хатам Әл-Анбия" штаб-пәтеріне сапары кезінде сөйлеген сөзінде астананы Тегераннан көшіру мәселесін тағы көтерген.

Оның пікірінше, Тегеранды астана ретінде қалдыру бірқатар себептерге байланысты мүлде тиімсіз болып барады. Ең алдымен экономикалық себебі бар.  

– Тегеран шешуге болмайтын мәселелерге тап болды. Біз не істесек те, уақытты жоғалтамыз. Сондықтан бізде елдің экономикалық және саяси орталығын теңізге оңтүстікке көшіруден басқа амал жоқ. Бұл мәселені елемеу елді экологиялық дағдарысқа және болашақта көптеген басқа мәселелерге ұшыратуы мүмкін", – деді Пезешкиан.

20 миллионға жуық халқы бар Иран астанасын Тегераннан басқа қалаға көшіру жоспары 2013 жылдың 25 желтоқсанында 290 жергілікті парламенттің 110 депутатының дауысымен қабылданған. Жоспар аясында құрылған кеңес елорда үшін "ең жақсы балама қай жерде болады" тақырыбында зерттеулер жүргізген. 

Осы уақытқа дейін бұл мәселе бойынша ешқандай қадам жасалмаған еді.