«Ашықтым әрі тоңдым»: Алматыда тауға шыққан жасөспірім төменге түсе алмай қалған

Қалижан Бектемір

Алматы облысында 16 жастағы жасөспірім жалғыз өзі тау басында қалып қойған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ТЖМ

МӘН-ЖАЙЫ

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға кеше күндіз болған. 112 пультіне хабарласқан жасөспірім теңіз деңгейінен 3100 метр биіктікте орналасқан Букреев шыңына көтеріліп, өз бетінше төмен түсе алмай қалғанын хабарлаған. Ол тауда жалғыз болған.

ҚҰТҚАРУ

"Құтқарушылар баланың қозғалыс бағытын анықтап, іздеу жұмыстарына дереу кірісті. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жасөспірімді тауып, қауіпсіз жерге түсірді. Кейін ол Алматыға жеткізіліп, туыстарына табысталды", - делінген хабарламада.

Құтқару барысында жасөспірімге барлық қажетті көмек көрсетілді. Ол суықтан және аштықтан зардап шеккенін айтқан. Қазір оның жағдайы жақсы.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Адасу, қателіктер, қайғылы жағдайлардың себебі: Тауға шығарда қалай дайындалып, нені ескеру керек